Қауіпсіздік туралы ата-аналарға арналған жадынама

Қысқы демалыс кезінде мектеп
оқушыларының сақтық шараларын сақтау туралы
жаднама

Құрметті ата-аналар және мектеп оқушылары!

Қысқы демалыс кезінде 31 желтоқсан - 9 қаңтар аралығында қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
- жолдың жүргінші бөлігінде өте сақ болыңыз, жол жүру ережелерін сақтаңыз.
- қоғамдық көлікке мінгенде немесе түскен кезде, аялдамаларда өте сақ болыңыз.
- жер көк тайғақ болса, жылдам жүрмеңіз, жаяу жүргіншілерді қуып жетпеңіз.
- мұз айдындарда, сырғанақ басында абай болыңыз, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
- ойын ережелерін сақтаңыз, қаршық ойыны кезінде оның бетіңіз бен басыңызға тиюінен қорғаныңыз.
- ғимарат бойымен жүрмеңіз - қардың немесе сүңгілердің құлауы мүмкін.
- су қоймалары маңында жүрсеңіз, мұз бетіне шықпаңыз. (мұз жарылып кетуі мүмкін)
- бенгал оттары, отшашулар, майшамдар, мақта және басқа да тез жанғыш заттар үлкендердің қадағалауымен арнайы бекітілген жерде ғана қолданылсын.

Балалардың пиротехникалық заттарды өз бетінше қолдануына тыйым салынсын!
- үйден қыдыруға шыққан кезде ата-анасын үнемі хабардар етіп отырсын
- үлкендерсіз кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды.

Құрметті ата-аналар!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар және қысқы демалыс кезінде балаларыңызды қатаң бақылауға алыңыздар!