Бос орын 24.01.2024

Астана қаласы әкімдігінің «№6 гимназия» ШЖҚ МКК 24.01.2024 ж. бос орындарға конкурс жариялайды:
1) тарих- 10 сағат,
2) көркем еңбек - 10 сағат,
3) көркем еңбек - 8 сағат,
4) математика- 47 сағат - 2 адам,
5) орыс тілі - 26 сағат,
6) бастауыш сынып мұғалім - 8 сағат (үйде оқыту),
7) қазақ тілі мен әдебиеті - 8 сағатқа
мұғалімдер қажет.
Біліктілік талаптары:
- тиісті бейіні бойынша жоғары немесе орта арнаулы педагогикалық білім;
«мұғалім» біліктілік талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын, АКТ-ны қолдану;
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету;
- сабақты зерделеу дағдыларын меңгеру.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс комиссиясына № 57 бұйрыққа сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде құжаттар топтамасын ұсыну қажет.

Құжаттар гимназияның қабылдау комиссиясына Астана қ., Бөгенбай батыр д., 47/1 (gim6ast@edu.kz) 02.02.2024 дейін қоса алғанда.