Террористік актісі туындаған жағдайда эвакуациялық жаттығу өткізу туралы

ҚР Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың (2023 жылғы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 лп) тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 12 мамырында Астана қаласы әкімдігінің "№6 гимназия" ШЖҚ МКК терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтті.
Іс-шара барысында мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды. Оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылды. Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді. Оқу дабылы жарияланғаннан кейін гимназияның педагогикалық ұжымы, оқушылары мен техникалық қызметкерлері ғимараттан 6 минутта эвакуацияланды. Эвакуация ұйымдасқан түрде өтті, барлық құрылымдар өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес әрекет етті.
Эвакуациялық іс-шараларды өткізу кезінде гимназия қызметкерлері ғимараттан шұғыл эвакуациялау дағдыларын, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын пысықтады. Гимназияның педагогикалық ұжымы, оқушылары мен техникалық қызметкерлері жаттығуды өткізу туралы бұйрықпен, эвакуацияның міндеттерімен, жоспарымен және барысымен танысты.
Эвакуациялық жаттығуға гимназия ғимаратындағы барлық оқушылар, барлық ұжым жұмылдырылды.